Май аудандық ауруханасының гинеколог дәрігері Ахтанова Меруерт Ержановна мен Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің медбикесі Ахмет Ақтоты Жулдызқызы 9–11 сынып оқушыларына арнап "Отбасын жоспарлау" тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Шараның мақсаты – жасөспірімдерге репродуктивті денсаулық, жауапты қарым-қатынас және отбасы құндылықтары туралы түсінік беру.
Лекция интерактивті форматта өтті. Оқушыларға арнайы дайындалған презентация ұсынылып, қызықты видеороликтер мен сұхбаттар арқылы тақырып кеңінен түсіндірілді. Іс-шара оқушылар үшін тартымды әрі қолжетімді тілде ұйымдастырылып, олар тарапынан қызығушылық тудырды.
Осы іс-шара арқылы жасөспірімдер маңызды ақпарат алып, болашақта жауапты шешім қабылдауға бағыт алды.
